9–10 желтоқсан күндері G2–G3 деңгейіндегі магниттік дауыл орын алуы мүмкін, деп хабарлайды Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы.
Ғалымдардың айтуынша, дауыл кеше түнде тіркелген M8.1 класындағы күн жарқылынан кейін пайда болмақ. Бұл құбылыс Күннен Жерге бағытталған плазма ағысының ығысуынан туындайды.
Мамандар жарқылдың қуаты орташа болғанына қарамастан, оның эпицентрі дәл Күн мен Жердің арасындағы сызыққа бағытталғанын айтады. Сондықтан соққының әсері айтарлықтай күшті болуы мүмкін. Экспозицияны әлсірететін факторлар байқалмаған.
— Есептеулерге сәйкес, ең жоғары әсер 9 желтоқсан күндіз болады. Бұл геомагниттік көрсеткіштердің артуымен бірге полярлық жарқылдардың пайда болуына өте қолайлы жағдай жасайды, — делінген хабарламада.
Геомагниттік белсенділік кемінде бейсенбіге дейін жалғасады деп болжанып отыр.