Түнгі клубта өрт болып, 23 адам тірідей жанып кетті

7 желтоқсан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Үндістанның оңтүстік-батысында орналасқан Солтүстік Гоа округіндегі түнгі клубта болған өрттен кемінде 23 адам көз жұмды, деп хабарлайды Indian Express.

Басылымның жазуынша, оқиға Арпора елді мекеніндегі түнгі клубта болған.

"Солтүстік Гоа округінің Арпора елді мекеніндегі түнгі клубта өрттен кем дегенде 23 адам қаза тапты", — деп жазды басылым.

Алдын ала деректерге сәйкес, өрт газ баллонының жарылуынан шыққан болуы мүмкін