Батырхан Төлеуғали таэквондодан әлем чемпионы атанды

Бүгін, 09:46 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Кенияның Найроби қаласында таэквондодан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшы 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Отандасымыз финалда ирандық Мохаммад Ализадені жеңді.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында қазір үш жүлде бар. Осыған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Темірлан Тілеулес қола медаль иеленген еді.