Қытайда Димаш туралы материалдардың оқылымы 4 млрд-қа жақындады

Қытайда Димаш туралы материалдардың оқылымы 4 млрд-қа жақындады

Қытайда Димаш туралы материалдардың оқылымы 4 млрд-қа жақындады
ашық дереккөзі
Қытайдың weibo желісінде Димаш Құдайберген туралы 84 мың ақпарат жарияланып, оқылым саны 3 млрд 640 млн-ға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл күнде Димаштың қытайлық әлеуметтік желісі weibo жеке парақшасына жазылушы жанкүйерлер саны 3 миллион 500 мыңға жақындады. Ал Twitter-ден қалыспайтын қытайлық weibo әлеуметтік желісінде Димаштың бірнеше жанкүйерлер тобы қалыптасып, әнші үшін әртүрлі шаралар ұйымдастырып жатыр.
Бұған дейін, «Guardians护卫队» қытайлық жанкүйерлер тобы Димаштың туған күнін Астанадағы үлкен LED экрандар арқылы құттықтамаққа ниеттеніп жатқанын хабарлаған едік. Олардың айтуынша, бұл шара қазіргі таңда Астанадағы көрнекті LED экрандармен келісіліп қойылған.
Ал 25 Dears-CN тобы 22 наурыз күні Алматы қаласының LED-экрандары арқылы Димашты және барша қазақстандықтарды наурыз мерекесімен құттықтаған еді.
29 наурызда «迪玛希Dimash全球后援会» (Димаштың әлемдік жанкүйерлері тобы) қытайлық 101 FM радио медиа орталығы жариялаған бәйгеде Димашқа көп дауыс жинап, Димаштың бейнесі Нью-Йорк қаласының орталық Манхэттен ауданында орналасқан Тайм Сквер алаңындағы үлкен LED экранында көрсету құрметіне ие болды.
2 сәуірде «Dearest迪玛希公益站» (Димаш қайырымдылық тобы) қытайдың Тиянжин қаласындағы «SOS» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қаражат жинап, Димаштың атынан заттай көмек жасады.
11 сәуірде Шанхай қаласының тұрғыны Димаш Құдайбергеннің «Singer2017» ән байқауының бірінші кезеңінде киген сахналық киімін 158 890 юаньға (7,2 миллион теңге) сатып алған. Сатып алушы өзінің weibo жеке парақшасында (@SophieSSJ1115) Димашқа және өзі сияқты барлық жанкүйерлерге алғыс айтты. Өзінің шығарған ақшасының көмекке зәру балалардың жағдайын жақсартуға жұмсалатынына қуанышты екенін, сондай-ақ, Димаштың қытайдағы бірінші сахналық киімінің әнші үшін айрықша маңызды деп ойлайтындығын және киімді Димашқа қайта тапсырмақ болып отырғандығы туралы жеткізген.
«迪玛希海外资源原博» тобы Димаштың, Алпамыстың және ата-анасының инстаграмдағы жаңалықтарын дер кезінде қазақ тілінен қытай тіліне аударып отырады. Сондай-ақ, ҚазАқпараттың Димаш туралы қазақша, орысша және қытайша ақпараттарымен бөлісіп отырған.