Екі облыстағы автожол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты қозғалысты шектеу енгізілді.
— 2025 жылғы 6 желтоқсан сағат 22:00–де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдардажүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада
Ақтөбе облысы:
РФ шекарасы (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п) автожолының 965-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ ауылы — Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысы:
РФ шекарасы (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п) автожолының 1240-1360 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы -Арал қаласы).
Жолды 2025 жылғы 7 желтоқсан сағат 7:00–де ашу жоспарланған.