ШҚО-да боранды күні балық аулауға кеткен ер адам адасып кетті

6 желтоқсан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

ШҚО-да боранды күні балық аулауға шығып кеткен ер адам адасып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, Күршім ауданына қарасты Алғабас ауылына жақын жерде, Бұқтырма бөгені маңында 1962 жылы туған ер адам достарымен балық аулап жүріп, көліктен алыстап, жолдан адасып қалған.

Оны іздеуге құтқарушылар шықты. ТЖМ-нің іздестіру тобы ер адамды тауып, оны жағалауға жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

«ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Аймақта алдыңғы күні дауылды ескерту жарияланған болатын. Мұзға шығу кезінде құтқарушылардың ұсынымдарын есте сақтаңыздар. Жұқа мұзға шықпау, ауа райы қолайсыз кезде және қараңғы уақытта мұзға бармау, міндетті түрде құтқару жилетін кию.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарлау қажет», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.