«Бір уақытта екі әйелмен некеде болдым»: Дәурен Айдарқұлов сырын ашты

Бүгін, 20:09 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Актер, КВН ойыншысы Дәурен Айдарқұлов танымал подкастқа қатысып, көп талқыланатын көпәйелділік мәселесін өз өмірімен байланыстыра отырып айтып берді, деп жазады turkystan.kz.

Подкаст барысында Айдарқұлов бір кезеңде екі әйелмен қатар отбасын құрғанын ашық айтты. Оның сөзінше, алғашқы әйелі ресми түрде некелі жан болса, екінші әйелімен діни неке арқылы байланысқан. Актер екінші жұбайымен фильм түсіру алаңында танысқанын да жасырмады. Ол кезде Айдарқұловтың заңды некедегі отбасы мен үш баласы болған. Ал екінші некеден кейін ғана бірінші жарына бұл туралы жеткізген.

«Алдын ала ескертіп, болашақта ондай қадамға баруың мүмкін екенін ашық айтсаң, өзің де, отбасың да жеңілірек қабылдар еді. Мен ондайды жасамадым. Өзім де екінші рет үйленемін деп ойламадым. Сол үшін өзімді кінәлаймын. Өйткені бірінші жарым маған толық сенді», — деді актер.