Ақтөбеде екі пәтерден есірткі притоны анықталды

Бүгін, 13:17 / Нұрлан Әлинұр
Ақтөбе ПД

Ақтөбеде маскүнемдер мен нашақорлар ұясы анықталып, пәтер иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Онда жүрген 12 адам мәжбүрлі түрде емделеді.

Ақтөбе қаласының учаскелік инспекторлары үй-үйді аралап жүр. Бақылау кезінде маскүнемдер мен нашақорлар жиналатын притондар анықталды.

— Екі пәтер иесі баспанасын нашақорлар жиналатын орынға айналдырған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Притондарда жиналып, есірткі затын қолданған 12 нашақор емдеу мекемесіне мәжбүрлі түрде жіберілді. Ал 139 адам ішкі істер органдарының есебіне алынды. Сондай-ақ пәтерде немесе үйде есірткі затын қолданған 224 адам әкімшілік жазаға тартылды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қвзметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қыркүйек айынан бері 44 наркограффити анықталып, есірткі затын жарнамалау дерегі бойынша 27 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жүріп жатыр.