26 градус суық: Қазгидромет қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Бүгін, 09:55 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ortcom.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

- Көптеген солтүстік және орталық облыстарда қар жауып, боран соғады, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, - делінген хабарламада.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы –25…–33 °C дейін төмендейді.

Астана қаласында –24…–26 °C аяз күтіледі.