«Жақсылықты ұмытпаймын»: Мөлдір Мұқан халыққа жазба арнады

5 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Белгілі продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Халықтың маған деген махаббаты ең үлкен марапатым. Биікке шықсам қуанып, сынаққа түссем тірек болды. Сол сезімді жүрекпен сезіну баға жетпес бақыт. Уақыт бәріне емші. Жүрегімде сыр, жүзімде сабыр бар. Айналамдағы жүрегі таза, ниеті нұрлы жақсы адамдардың барына шүкір. Мен жақсылықты ұмытпаймын. Сіздерге деген алғысым шексіз. Кей сезім сөзбен айтылмайды… Жақсы көремін сіздерді», – деп жазды М. Мұқан.

Тэгтер:

халық Мөлдір Мұқан