Боксшы Дулат Бекбауов антидопинг ережелерін бұзғаны үшін ресми түрде екі жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спорт журналисі Аслан Каженовтың айтуынша, алайда бұл спортшының кәсіби бокстағы мансабына кедергі келтірмейді.
«Отандасымыз 12 ай ішінде халықаралық ITA ұйымының мамандарына өз орналасқан жерін үш мәрте хабарлаудан бас тартқан. Осыған байланысты ол әуесқой бокстан екі жылға (18.11.2025 — 17.11.2027) шеттетілді. Бірақ оның кәсіби мансабын жалғастыруына ешқандай кедергі жоқ», — деп жазды журналист Instagram парақшасында.