Қостанай облысында екі ауыл қайтарылған активтер есебінен сумен қамтамасыз етілді

Бүгін, 16:28 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысы Федоров ауданы Лесное және Березовка ауылдарында мемлекетке қайтарған активтер есебінен салынған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа су желілерін іске қосудың арқасында екіелді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз суға тұрақты қол жеткізді.

Бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын айтарлықтай жақсартып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ.

Су құбырының жалпы ұзындығы 38 шақырымды құрайды, бұл 284 үйді таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Қостанай облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және білім беру салаларында қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын 25 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Тэгтер:

Қостанай облысы Ауыз су қайтарылған активтер