Ақтау қаласының халық саны 300 мыңнан асты

Бүгін, 15:50 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы ҚКО

Қазір қала халқының саны 303 752 адамды құрайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның ішінде 6 001 сәби дүниеге келген. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов өңір басшысының қатысуымен өткен кездесуде мәлімдеді.

Қала басшысының сөзінше, биылғы көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 мың адамға көбейген. Айта кетейік, қала халқының саны Маңғыстау облысы халқының 40%үлесін құрайды.