Елімізде табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалған – Мемлекет басшысы

5 желтоқсан, 2025 / Інжу Әлихан
Ақорда

Қазақстанда креативті индустрияны өркендетуге айтарлықтай әлеует бар. Бұл туралы Президент «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мұны барлық шетелдік бақылаушы мен маман мойындап отыр.

Креативті индустрия секілді жаңа секторларды дамыту арқылы экономиканың көкжиегі кеңейеді. Халықаралық қаржы институттарының есебіне сәйкес, аталған сегмент әлем бойынша жыл сайын 2 триллион доллардан аса табыс әкеле алады, сондай-ақ 50 миллионнан астам жұмыс орнын ашуға қауқарлы.

Бірқатар дамыған елде, мәселен, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Корея Республикасында креативті индустрия ішкі жалпы өнімнің 2-ден 7 пайызға дейінгі көлемін қалыптастырады. Сарапшылардың бағалауынша, креативті индустрияға салынған әр доллар қосылған құнның 2,5 долларын құрайды.

Қазақстанда креативті индустрияны өркендетуге айтарлықтай әлеует бар. Біздің жастарымыз өте шығармашыл, олардың мінезі де, менталитеті де соған сай келеді. Алайда еліміздің ішкі жалпы өніміндегі бұл сектордың үлесі 1 пайыз ғана»», – деді Қ. Тоқаев.