HBO түсіріп жатқан жаңа Harry Potter сериалында Лорд Волан-де-Мортты Синтия Эриво сомдауы мүмкін деген сыбыстар әлеуметтік желілерді дүрліктірді. Шетелдік басылымдар актриса студиямен құпия келіссөздер жүргізіп жатқанын жазып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz poprant.indiatimes.com-ға сілтеме жасап.
Бұл ақпараттың таралуына желідегі ірі аккаунттардың бірі Dom Lucre-дің 4 желтоқсандағы посты себеп болды. Ондағы «Cynthia Erivo Voldemort рөлін талқылап жатыр» деген хабар бірнеше сағат ішінде 2 миллионнан астам қаралым жинап, мыңдаған пікір тудырды.
Желі қолданушыларының бір бөлігінің реакциясы теріс болған. Олар Эривоның актриса ретіндегі шеберлігіне күмәнданбайтынын айтады, бірақ Волан-де-Мортты түбегейлі басқа образда қара нәсілді әйел ретінде көрсету түпнұсқа кітаптар мен фильмдерден қатты алшақтайды деп санайды. Бұл шешім франшизаның «негізгі канонына» қауіп төндіреді деген пікірлер де бар.
Cynthia Erivo туралы сыбыстар Wicked: For Good мюзиклының табысынан кейін күшейген. Instagram мен X желілерінде «актриса рөлді алып қойды» деген мәлімдемелер тарап жатыр, бірақ ресми растама жоқ.
HBO-ның жаңа Harry Potter сериалы 2025 жылдың ортасында түсірілімге кірісіп, 2026 жылдың соңында немесе 2027 жылдың басында жарық көреді деп жоспарланған. Жоба J.K. Rowling жазған жеті кітапты бірнеше маусымға бөліп қайта бейімдейді.