Шымкенттік кәсіпорын жұмыскерлеріне 86 млн теңге жалақы төлемеген

Бүгін, 11:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкент прокуратурасы банкроттық рәсімі жүріп жатқан кәсіпорындарда 68 жұмыскер алдында 86,3 млн теңге жалақы қарызы бойынша кредиторлық берешекті өтеу рәсімінде бірқатар бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокурорлық қадағалау актілерімен меншігіндегі «LEXUS LX 570» автокөлікті екі жылдан астам уақыттан бері банкроттықты басқарушыға табыстамаған банкроттық рәсімі жүріп жатқан заңды тұлғаның басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 176-бабының 1-бөлігімен (550 480 теңге әкімшілік айыппұл) және 8 автокөлікті сатуды созбаландыққа салып, 22 жұмыскер алдында 26,1 млн теңге жалақы қарызы бойынша кредиторлар талаптарын орындамаған «Конти-Строй» ЖШС-нің банкроттықты басқарушысы ҚР ӘҚБтК-нің 179-бабының 23-бөлігімен (82 572 теңге әкімшілік айыппұл) әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, анықталған заңдылықты бұзушылықтар жойылып, «ҰЛАН-СЕРВИС» ЖШС екі жұмысшыға 5,4 млн теңге жалақы қарызын өтеді және интернет-ресурста жарияланған кредиторлар талаптарының тізілімі үлгілік нұсқаға сәйкес келтірілді. 

Тэгтер:

Шымкент жалақы қарыз кәсіпорын еңбекақы берешек