Аягөзде жайылымда жүрген үш жылқыны ұрлап кеткен адам ұсталды

Бүгін, 10:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Абай облысының Аягөз ауданында полицейлер құны бір миллион теңгеден асатын үш жылқының ұрлығын ашты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияға Аягөз ауданының 24 жастағы тұрғыны 2025 жылдың қыркүйек айының соңында еркін жайылымнан белгісіз адамның үш бас жылқысын жасырын ұрлап кеткені туралы арызданған.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 1 200 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жасалған ұрлыққа қатысы бар 47 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

Тергеу барысында күдіктіден заттай дәлелдемелер тәркіленіп, ол өз іс-әрекетін мойындады.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы – келуге міндеттеме тағайындалды.

Абай облысы Полиция департаменті атқарылып жатқан жұмыстардың басым бағыттарының бірі – мал ұрлығы фактілерімен күрес екенін ескертеді. Мұндай барлық құқықбұзушылықтар қатаң бақылауда. Сонымен бірге, полиция қызметкерлері мал иелерінің де өз тарапынан жануарларға барынша қадағалау орнатып, олардың жоғалу қаупін азайту маңызды екенін атап өтеді.

Тэгтер:

Жылқы ұрлық Абай облысы Аягөз жайылым мал ұрлау