5 желтоқсан — Халықаралық волонтерлер күні

Бүгін, 10:00 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

5 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Халықаралық волонтерлер күні атап өтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл мереке «Әрбір үлес маңызды» ұранымен өтеді. Сондай-ақ БҰҰ 2026 жылды Орнықты даму мақсатында халықаралық еріктілер жылы деп жариялады.

Қазақстандағы еріктілер қозғалысы – белсенді және үнемі өсіп келе жатқан үлкен қауымдастық. Олар әрқашан көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге дайын және қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жобалар, іздестіру-құтқару жұмыстары сияқты маңызды міндеттерді жүзеге асыруға белсенді қатысады