Астанада суға секіріп кеткен әйел аман қалды (ВИДЕО)

Бүгін, 09:13 / Інжу Әлихан
112

4 желтоқсан күні Сарыарқа ауданындағы Атырау көпірінде суицид жасамақ болған 34 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Оқиға орнына Астана қ. ТЖД Жедел-құтқару жасағы және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Авариялық-құтқару жұмыстары барысында зардап шеккен азаматша судан шығарылып, әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін 103 қызметі бригадасына тапсырылды", - делінген ақпаратта.