Қызылорда облысында жол жабылды

Бүгін, 09:14 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2025 жылғы 5 желтоқсан сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1680-2045 шақырым аралығында (III Интернационал ауылдық округінен Бесарық ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарламасында.

Жолды 2025 жылғы 5 желтоқсан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

Қызылорда облысы автожол тасжол трасса жол жабылды