«Пәк жігіт болсын»: Роза коуч тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді

Бүгін, 06:10 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал коуч Роза Әшірбаева тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңесін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айтуынша, қыздар ең алдымен ер адамға қаржылай емес, адамдық қасиеттеріне байланысты талап қоюы керек.

"Қыздар, талапшыл болу керек. Талапшыл болыңдар, алыңдар, талап етіңдер. Бірақ қаржы мәселесінде ғана емес. Ол жауапты болсын, пәк болсын. Сөзі дұрыс, білімді, кітап оқитын, әдемі жазатын. Әйтпесе сендер “цунбятрым” деп жазатын жігіттермен де сөйлесе бересіңдер.

Талап етіңдер деген кезде “ақша” деп ойлайсыңдар. Жоқ! Талапшылдық — ол ер азаматтың сапасына қатысты талапшылдық. Білімі, сауаттылығы, жауапкершілігі, өз-өзіне жауапкершілігі, пысықтығы, алға ұмтылуы", — дейді Роза Әшірбаева.