Алматыда жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

4 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Алматыда екі күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 76 жастағы зейнеткердің денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тodayinfo.kz сайты бұл туралы қаладағы іздеу тобының еріктілері ақпарат таратқанын жазды.

Қайғылы оқиғаның нүктесі бүгін қойылды. Волонтерлер марқұмның денесі нақты қай жерден және қандай жағдайда табылғаны жөнінде ашық ақпарат берген жоқ. Тек іздеу жұмыстарының тоқтатылғанын растады.

Еске сала кетейік, 1949 жылы туған Сабит Куаев 2 желтоқсан күні таңғы сағат 10:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын.

Тэгтер:

Алматы зейнеткер