Шымкентте жас келіншекті өлтірген оқушыға үкім шықты

Бүгін, 21:52 / Өтей Торғайұлы

Шымкентте 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны айуандықпен өлтірген 16 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Соттың қаулысы бойынша 11-сынып оқушысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Қанды оқиға биыл шілде айында болған. Тергеу дерегінше, жасөспірім Шымкентке келген күні Telegram-дағы «Шымкент жұмыс» чатына «Үй тазалайтын қыз керек» деген хабарлама қалдырады. Сол хабарландыруды көрген Диана Оңғарбаева күнкөріс үшін пәтер тазалауға келісіп, көрсетілген мекенжайға барған.

Тазалық жұмыстарын аяқтаған соң, Диана 15 мың теңге еңбекақысын сұрағанда, жасөспірім «Анам береді» деп алдаусыратып, төлеуден жалтарған. Сол сәтте ол ас үйден ағаш сабы бар пышақты алып, әйелге кенеттен шабуыл жасаған.

Прокурордың мәліметінше, жасөспірім Диананың мойын тұсына бірнеше рет пышақ салған, жәбірленуші жерге құлағаннан кейін де шабуылды тоқтатпай, бүйрек тұсына тағы соққы жасаған. Ауыр жарақат салдарынан 26 жастағы келіншек оқиға орнында көз жұмды.

Тэгтер:

Шымкент оқушы