Таеквондодан әлем чемпионатында ел қоржынына екінші медаль түсті

Бүгін, 21:23 / Өтей Торғайұлы
Сурет: Федерацияның баспасөз қызметі

Таеквондодан Найробидегі (Кения) жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін қазақстандық таеквондошы Тамерлан Тілеулес 63 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.

Отандасымыз жартылай финалда түркиялық Айдоган Хамза Османмен кездесіп, қарсыласына жол берді.

Осылайша, Тамерлан Тілеулес ел қоржынына екінші медальді салды. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) алтыннан алқа таққан еді.

Тэгтер:

әлем таеквондо