Астанада салық төлемеген сот орындаушыларынан 40 млн теңге өндірілді

4 желтоқсан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Елорданың Нұра ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушылардың салық төлеу мәселесі бойынша тексеріс жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

30 жеке сот орындаушы жеке табыс салығын кем көрсеткендігі, ал 26-сы мүлдем төлемегендігі анықталды.

Қадағалау актісімен мемлекет пайдасына 40 млн теңгеге жуық ақша өндірілді.

Тэгтер:

салық сот орындаушы