«Келісе алмады»: Александр Заруцкий «Қайрат» клубы сапынан кетті

Бүгін, 17:02 / Інжу Әлихан
«Қайрат» клубының баспасөз қызметі

Қазақстандық қақпашы Александр Заруцкий алматылық «Қайрат» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Meta-ratings.kz-тің мәліметінше, 32 жастағы қақпашы клуб басшылығымен қараша айында аяқталған келісімшартын ұзартуға келісе алмаған.

Қазір ол – еркін агент. 9 желтоқсанда грекиялық «Олимпиакосқа» қарсы ойнайтын «Қайрат» клубы Астанаға Заруцкийсіз аттанды.

Қосалқы қақпашы ретінде 18 жастағы Шерхан Қалмұрза тіркелді.

Биылғы маусымда Заруцкий «Қайрат» сапында 24 ойын өткізген.

Бірнеше БАҚ-тың мәліметінше, Заруцкий семейлік «Елім-ай» және қостанайлық «Тобыл» клубтарымен.