Таразда 12 жастағы қызды топпен зорлаған жасөспірімдердің жазасы күшейтілді

Бүгін, 17:01 / Алуа Арман
istockphoto.com

Таразда апелляциялық сот 12 жастағы қызды зорлаған үш жасөспірімнің жазасын күшейтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жасөспірімдерге үкім шілдеде шыққан. Оларды Қылмыстық кодекстің 120, 121-бабы бойынша кінәлі деп танып, әрқайсын 7 жыл 8 айға бас бостандығынан айырған.

Жақында апелляциялық сот үкімді қайта қарады. Сотталушылардың әрқайсына тағы 2 жыл 4 ай мерзім қосылды. Олар 18 жасқа дейін жазасын балалар абақтысында өтейді.

Айта кетейік, көрші ұлдар қыз баланы бірнеше рет зорлап, ол істерін видеоға түсірген. Ол кезде жасөспірімдердің жасы 14-16 жаста болған.

Сот процесі 7 айға созылған.

Тэгтер:

оқушы Жасөспірім зорлық зорлау топпен зорлау 12 жастағы қыз