Жамбыл облысында кәсіпкерлердің құқығы тапталған

Бүгін, 16:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысы прокурорларының актісі бойынша кәсіпкерлерге электр энергиясының тарифі төмендетілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жуалы ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

Мемлекеттік қолдау шараларына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін электр энергиясының құны жеңілдетілген бағамен төленуі тиіс.

Алайда, жобалық құны 2 млрд теңге болатын және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілер тізіміне енгізілген ауданның екі кәсіпкері ағымдағы жылдың басынан бастап 1 кВт электр энергиясы үшін 35,12 теңге орнына 38,44 теңге төлегені анықталды.

Осылайша, кәсіпкерлер мемлекетпен көзделген жеңілдіктерді алмаған.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде бұзушылықтар жойылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Тэгтер:

кәсіпкер Жамбыл облысы электр энергиясы тариф