Алматылық әйел лифт шахтасына құлап кетті

Бүгін, 15:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматының бір тұрғын үй кешенінде әйел лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Жергілікті тұрғынның айтуынша, лифт есігі ашылған, бірақ кабина әлі қабатқа келіп жетпеген.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиға 1 желтоқсан күні 16:34-те «Премьера» тұрғын үй кешенінде болғанын хабарлады.

16:45-те лифтер әйелді лифт кабинасынан жедел түрде шығарып алды. Электромеханик келгеннен кейін мамандар лифт жабдықтарына толық тексеру жүргізіп, шахта мен кабина есіктерінің құлыптары дұрыс жұмыс істейтінін, есік контактілері қалыпты жағдайда екенін, есіктің ашылу механизмінің дұрыс екенін, сондай-ақ кабина мен басқару станциясының платасында да ешқандай бөгде қосылым табылмағанын анықтады.

«Осылайша, лифт шахта есіктері ашық кезде қозғала алмайды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады әкімдік.

Әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Тэгтер:

лифт Алматы Әйел