4 қараша Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылындағы құрылысы жүріп жатқан нысандардың бірінде 20 жастағы жұмысшы ашық тұрған лифт шахтасына алтыншы қабаттан құлап, қайтыс болған, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап
Құрылыс компаниясы оқиға жөніндегі ақпаратты жасыркға тырысқан, алайда Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментін бұл факт тек полиция деректерінен кейін белгілі болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға болған сәтте нысанда кран арқылы құм салынған науа жоғары көтеріліп жатқан. Құм жоғарғы қабатқа пештің қалауына қолданылатын әк дайындау үшін жеткізілген. Науа еденге қойылған кезде жұмысшы қауіпсіз қашықтыққа шегінбек болып, кенет теңселіп, тепе-теңдігін жоғалтып, лифт шахтасына құлап кеткен», — деді Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Кемалов.
Ведомство мәліметінше, жедел жәрдем тобы оқиға орнына 20-30 минуттан кейін келген. Дәрігерлер көрсеткен көмекке қарамастан, жас жұмысшы көз жұмған.
«Қайғылы оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Қазір мамандар оқиғаның мән-жайын, себептерін және еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылу фактілерін анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша ресми ақпарат беріледі», — деді Бауыржан Кемалов.
Қаза болған жұмысшы «Сәриев С.Ж.» жеке кәсіпкерлігінде еңбек еткен. Бұл ұйым «AN-GroupM» ЖШС-нің тұрғын үй кешені құрылысындағы мердігер компания болған.