Шымкентте жылына 36 мың тонна көкөніс өсіретін жылыжай кешені салынады

Бүгін, 14:13 / Інжу Әлихан
АШМ

Қаратау ауданында құны 69 млрд теңгені құрайтын заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жобаға поляктық Fabe-Agro компаниясы бастамашылық жасады және негізгі инвестор да осы компания.

Жаңа кешен көкөністер, бақша өнімдері, тамыржемістер мен түйнектер өсіруге арналған және жалпы аумағы 144 гектар. Қазір нысанда инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстары жүргізілуде.

Толық іске қосылғанда кешенде жыл сайын 36 мың тоннаға дейін көкөніс өнімдері өндірілетін болады.

Жобаны аяқтау 2028 жылға жоспарланған.