Алматы қаласында жер сілкінді

Бүгін, 13:55 / Інжу Әлихан

ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен  Астана уақытымен 12:45-те Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. 

"Жерсілкінісі ошағы Қытай аумағында
Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км. жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы:

Алматы қ. - 3 б.

Алматы обл. Кеген ауд. - 3 б.
Алматы обл. Райымбек ауд. - 3 б.
Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. - 3 б.
Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. - 3 б.
Алматы обл. Ұйғыр ауд. - 3 б.
Алматы обл. Қарасай ауд. - 3 б.
Алматы обл. Іле ауд. - 2 б.
Алматы обл. Жамбыл ауд. - 2 б.
Алматы обл. Алатау (Жетіген) қ. - 2 б.
Алматы обл. Қонаев қ. - 2 б.
Алматы обл. Балқаш ауд. - 2 б.

Жетісу обл. Талдықорған қ. 2 б
Жетісу обл. Кербұлақ ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Панфилов ауд. - 2 б.
Жамбыл обл. Қордай ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Текелі қ. - 2 б.
Жетісу обл. Көксу ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Ескелді ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Қаратал ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Ақсу ауд. Жансүгіров ауылы 2 б.
Жетісу обл. Сарқанд ауд. Сарқанд қ. 2 б.

Жамбыл обл. Шу қ. - 2 б.
Жамбыл обл. Меркен ауд. - 2 б.
Жамбыл обл. Т. Рысқұлов атындағы ауд. - 2 б", - делінген хабарламада.