Қазақ боксшылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақ боксшылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақ боксшылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті
ашық дереккөзі
Бүгін АҚШ-тың Анкасвилл қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов пен Мадияр Әшкеев салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды vesti.kz.
Қос жерлесіміздің кездесуі Астана уақытымен ертең, яғни 16 сәуір күні таңертең өтеді. Мейірім Нұрсұлтанов (1-0) мексикалық Хавьер Ольверамен (1-0, 1 КО) алты раундқа созылатын кездесуге шығады. Боксшылар орта салмақ лимитіне лайық болды (160 фунт - 72,6 келі). Ал екінші отандасымыз Мадияр Әшкеев (7-0, 3 КО) америкалық Шон Кэмеронмен (10-2, 5 КО) жұдырықтасады. Екеуі де бірінші орта салмаққа лайық болды (154 фунт - 69,9 келі). Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі кубалық Саливан Баррера (18-1, 13 КО) мен АҚШ боксшысы Пол Паркердің (8-1, 4 КО) арасында өтеді.