Алматыдағы кәуапханаларға 12 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 10 экологиялық құқықбұзушылық анықталды. Тексеріс кезінде 7 нұсқама беріліп, 2 материал сотқа жолданды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Барлығы 1 887 360 теңге көлемінде 8 әкімшілік шара қолданылды.
«Eco Almaty» ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, мұндай нысандар шамадан тыс түтін шығарып, тұрғындарға қолайсыздық тудырады. Кәуапхана иелерімен тұрақты түрде түсіндіру жұмысы жүргізіледі: қатты отынды пайдалануға тыйым салынған, ал газбен жұмыс істейтін жабдықтар сүзгілермен жабдықталуға тиіс.
Бақылау атмосфералық ауаны қорғау жоспары және қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету аясында жүргізіледі.