Павлодар облысында заңсыз аңшылықпен айналысқандар ұсталды

Бүгін, 10:06 / Алуа Арман
polisia.kz

Павлодар облысында полицейлер заңсыз аңшылық фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында Май ауданының Қызыл Еңбек ауылынан 3 км қашықтықтағы дала аймағында Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін тоқтатты.

 Көлікті қарап-тексеру кезінде арқардың және бір киіктің еті табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, автокөлік салонынан тегіс ұңғылы бір оқпанды карабин алынды.

Сондай-ақ полицейлер Subaru Outback автокөлігін тексеру барысында көліктің салонынан чемодандарда  500-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, нарезді бір оқпанды карабиндер және тегіс ұңғылы екі  оқпанды мылтық табылып, тәркіленді.

– Заңсыз аңшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тәркіленген еттер сараптамаға жіберілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деді Павлодар облыстық ПД өкілдері.

Тэгтер:

киік еті аңшылық заңсыз аңшылық