Министр ата-аналардың қанша пайызы мектеп жиналысына баратындығын жария етті

Министр ата-аналардың қанша пайызы мектеп жиналысына баратындығын жария етті

Министр ата-аналардың қанша пайызы мектеп жиналысына баратындығын жария етті
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ата-аналардың қанша пайызы мектеп жиналысына баратындығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясының республикалық қабылдау бөлмесінде министр азаматтарды жеке қабылдады. Онда «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Жұматаев әкелерді мектептер жанындағы қамқоршылық кеңестеріне қосу бастамасын көтерді. «Одақ басшысы тұрғысында ғана емес, сонымен қатар ең бастысы әке ретінде де баламның мектептегі өміріне белсенді араласқым келеді. Оның оқу үлгерімін бақылап, мұғалімдер мен директорларды іріктеу шараларына қатысуға, оқушылардың бос уақытында айналысатын шараларын ұйымдастыруға мүдделімін», - деді Жұматаев. Өз кезегінде Е. Сағадиев «әкелер» өтініші қолдауға лайықты бастама екенін айта келе, бұл идея мұғалімдер мен ата-аналар қарым-қатынасын жақсарта түсендігін жеткізді. «ҚР БҒМ мәліметіне қарағанда, Қазақстандағы ата-аналардың тек 10 пайызы ғана мектептегі жиналысқа барады. Мамырдың аяғына қарай еліміз бойынша Ата-аналар жиналысының бірыңғай күнін ұйымдастыруды ұсынамын. Осы орайда БАҚ-та жаппай хабар тарату тұрғысында жұмыс жүргізу үшін Үкіметке тиісті идеяны жеткізбекпін. Ата-аналар оқушының өміріне белсенді түрде қатысқаны дұрыс»,-деп атап өтті ведомство басшысы.