Бейбарыс Қабылан таеквондодан Әлем чемпионы атанды

Бүгін, 22:10 / Өтей Торғайұлы

Қазақстан спортшысы Бейбарыс Қабылан Кенияда өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионы атанды. Финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнді жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл - Бейбарыс Қабыланның спорт мансабындағы ең үлкен жеңісі және Қазақстан таеквондо тарихында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы алғашқы алтын.

Бейбарыс Қабылан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Әлем чемпионаты аясында Бейбарыс финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Үндістан, Түркия елінің спортшыларын жеңіп, жартылай финалда Иран өкілі Ашрафи Амирмохаммадтан 2:1 есебімен басып түсті.

Айта кетерлігі, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.

Тэгтер:

таеквондо Бейбарыс Қабылан