Польшада 11 жастағы актер жол-көлік оқиғасынан қаза тапты

Бүгін, 21:58 / Өтей Торғайұлы

Поляк актері Никодем Марецки 11 жасында жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы баланың ата-анасң мәлімдеме жасаған.

"Никодем автобустан жүгіріп шыққан кезде көлік қағып кетті. Бұл – сұмдық қайғы. Ол өте талантты еді, алдында тұтас бір әлем ашылып тұрған", – деп жазды актермен бірге жұмыс істеген режиссер Марцин Кошалка Instagram парақшасында.

Қайғылы жағдай 27 қазанда болған, бірақ ол қазір ғана кеңінен белгілі болып отыр. Жол апаты кезінде көлік жүргізушісі мас болмаған және рұқсат етілген жылдамдықпен жүрген. Қазіргі уақытта прокуратура оған айып таққан жоқ, себебі бұған негіз болатын жағдай анықталмаған.

Жас актер "Краков монстрлары" және "Батылдық" сериалдарындағы рөлдерімен танылған. Никодем Марецкидің жерлеу рәсімі 3 желтоқсанда өтеді.

Тэгтер:

Польша Актер