Алматыдағы көшеде бір топ жігіт қызды ұрлап кетпек болған

Бүгін, 20:12 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Алматыда Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында қызды ұрлап кетуге оқталу оқиғасы болды. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше ер адам оны күштеп көлікке отырғызуға тырысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Алайда жергілікті тұрғынның арқасында жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды — айқай-шуды естіген ол араласып, шабуыл жасаушыларды үркітіп, полиция шақырған. Ер адамдар куәгерді көрген бетте қашып кеткен.

Полиция басқармасында бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары әзірге жәбірленушіден де, куәгерлерден де ресми өтініш немесе қоңырау түспегенін нақтылады, бірақ соған қарамастан тергеу жалғасады.

“Өтініштердің бар-жоқтығына қарамастан, біз болған оқиғаның барлық объективті мән-жайын анықтап, заңға қатаң сәйкес шара қабылдаймыз. Азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымы мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне бейжай қарамайтыны үшін алғыс айтамыз”, – деп түсіндірді Алматы ПД.

Полиция сондай-ақ видеодағы адамдар мен оқиғаға қатысы бар тұлғалардың анықталатынын атап өтті.
 

Тэгтер:

Алматы қыз алып қашу