Танымал әнші Әли Оқапов жақын досынан айырылып қалғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Барлығы үшін рахмет, бауырым! Біздің жақын досымыз, Мото дүниеден өтті.
Ол ақ жүректі, адал дос, біздің отбасымыздың бір мүшесі еді. Ол кеткен жолы жарық болсын. Жақындарына және оны таныған барлық жандарға қайғырып көңіл айтамыз.
Иә, дәл түсірілім басталар алдында осы хабар келді.
Өткен жылы «Жұлдызды жұп» жобасының бірінші түсірілім күнінде де осындай жағдай болған. Таңертең жақын досыңнан айырылып, бір сағаттан кейін камера алдында жымиып, әзілдеп тұрасың. Өйткені ол — сенің жұмысың.
Таңертең тек бетімдегі ісік мазалап, соған қатысты әзілдеп те едім. Ал қазір тек ұйықтап қалғым келеді. Ертең жаңа күн, әрі қарай жүгіріп, жұмыс істеу керек.
Сондықтан ешқашан адамдарды мұнда немесе телевизорда көргендерің бойынша ғана бағаламаңдар. Адамның ішінде не болып жатқанын ешкім білмейді. Өмір…", - деп жазды ол.