«Шығын – 9 млн теңге»: Бурабайда 640 келі балық аулағандар сотталды

Бүгін, 17:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

2024 жылдың қыркүйегінде үш адам Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумағында орналасқан «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіретін Жөкей көлінде заңсыз 640 келі балық аулаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осылайша мемлекетке 9 млн теңгеден астам залал келтірген. Бірақ олардың балық аулауға рұқсат қағазы болмаған.

Жасалған қылмыс ауыр санаттағы қылмыстарға жатады.

Сот үкімімен күдікті үш адамның әрқайсы балық аулау кәсібімен айналысу құқығынан 5 жылға айырылды. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, әрқайсына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыс жасау құралдары мен заты (қайықтар, торлар, балық) мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Тэгтер:

Балық аулау Бурабай Жөкей