Жезқазғанда ескек есу спорт түрлеріне арналған кешен салынады

Бүгін, 15:13 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдегі спорттық дәстүрді сақтау және дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әкімнің айтуынша, Жезқазғандағы ескек есу мектебі көп жылдар бойы чемпиондар даярлайтын орталық болып келеді. 1969 жылдан бері мұнда халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Олимпиада ойындарының қатысушылары, Азия және Қазақстан чемпиондары тәрбиеленді.

«Бұл спорттық дәстүрді жалғастырып, нығайту мақсатында Жезқазғанда жыл соңына дейін ескек есу спорт түрлеріне арналған жаңа спорт кешенінің құрылысы аяқталады», – деді спикер.

Бұдан бөлек, биыл Жезқазған қаласында көпфункциялы денешынықтыру кешені мен Шахмат академиясы, Қаражал қаласында жабық жүзу бассейні, ал Сәтбаев қаласында ангар типтес спорт кешені пайдалануға берілді