Солтүстік Қазақстанда 10 шенеунік жауапқа тартылды

Бүгін, 12:16 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар лауазымды адамы жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының, сондай-ақ жекелеген қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының лауазымды адамдары мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Жоғары аудиторлық палата биыл қазан айында Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқанын тексерді. Нәтижесінде заңнама, бюджет нормалары және ішкі регламенттеуші құжаттарды орындауда бұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты өңір әкіміне, сондай-ақ Петропавл және Сергеевка қалаларының, Айыртау, Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарының басшылығына бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту тапсырылды.

Нәтижесінде мына қызметкерлер әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды:

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша СҚО-да мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарда облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын паспорттау да көзделген.

Аудит қорытындылары бойынша берілген басқа да тапсырмалардың орындалуы бақылауда болады.

Тэгтер:

Әкім Шенеунік аудит Солтүстік Қазақстан жауапқа тарту