«Мойындаудың өзі – ерлік»: Гүлзира Айдарбекова Нұрлан Еспановқа алғысын жеткізді

Бүгін, 09:38 / Інжу Әлихан
коллаж: turkystan.kz

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлына қолдау көрсеткен Нұрлан Еспановқа алығысын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нұрлан Еспанов жақында берген сұхбатында Қайрат Нұртастың танымалдығы туралы сөз етіп, шығармашылығын мақтаған. 

"Қайрат Нұртас сияқты өнерде беделін түсірмей, жоғары ұстап жүрген әншіні көрген емеспін. Шынымен айтамын. Қанша жыл болды? Қайратты Гүлзира ханым кішкентайынан ертіп жүретін кезінен білемін. Содан бері танымал. Мен Қайрат демалса да хит болып жатыр ғой деп ойлаймын. Халық оны жақсы көреді. Тіпті "Халық әртісі" атағын Қайрат Нұртасқа беру керек деп санаймын", - деді Н. Еспанов. 

Ал әншінің анасы желідегі парақшасында алғысын айтып, жылы лебізін білдірген жазба жариялады.   

"Мойындаудың өзі ерлік қой. Нұрлан інім, өзі ақ жарқын, аузын ашса жүрегі көрінетін, бәрін айта салады, риза боламын. Тек Қайрошын мақтайтыны емес, жалпы сондай адам, ешкімге зияндық жасамайды, ренжітпейді де, өмірді кинодағыдай сүре біледі. Алла бақ берсін, жақсы адамым!", - деп жазды Г. Айдарбекова. 

Тэгтер:

Гүлзира Айдарбекова Нұрлан Еспанов