Қостанай облысында полициядан қашқан жүргізуші қайтыс болды

Бүгін, 09:44 / Алуа Арман
istockphoto.com

1 желтоқсанда Лисаковск қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жолда қауіпті маневр жасап, жаяу жүргінші өткелінде адамға жол бермеген ВАЗ-21093 автокөлігіне назар аударған, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Заңды тоқтату талабына жүргізуші жауап бермей, әрі қарай жре берген. Сондай-ақ көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз жүргені анықталды.

Жүргізуші қарсы бағытқа шығып, бетон жарықтандыру тірегіне соғылған. Алған жарақаттарының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Автокөліктің жолаушысы жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала деректер бойынша, қайтыс болған жүргізуші бұған дейін көлікті мас күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Полиция еске салады: көлікті мас күйде басқару және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу — жүргізушінің ғана емес, жол қозғалысына қатысушы басқа адамдардың да өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Тэгтер:

Қостанай облысы Жол апаты жүргізуші