Зарина Диас Қытайдағы турнирдің финалына шықты

Зарина Диас Қытайдағы турнирдің финалына шықты

Зарина Диас Қытайдағы турнирдің финалына шықты
ашық дереккөзі
Теннисші аруымыз Зарина Диас Қытайдағы ITF Women's Circuit турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандасымыз жартылай финалда қытайлық теннисші Лу Цзинцзиньді 6:1, 6:4 есебімен қапы қалдырды. Енді Зарина Диас финалда Ли Я Хсуаньмен кездеседі. Турнирдің жүлде қоры 25 мың долларды құрайды. Естеріңізге салайық, Зарина Дияс бұған дейін жапониялық Аяно Шимицудан басым түссе, бірінші айналымда қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Екінші раундта жерлесіміз жапониялық теннисші Мияби Инуэні (543) 6-4 6-3 есебімен жеңді. Ал ширек финалда жерлесіміз тағы бір жапониялық теннисші Миникошиді екі сетте 0:6 1:6 есебімен ойсырата ұтты.