Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді

Бүгін, 09:29 / Інжу Әлихан
olympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Семсер қаруымен айқасудан құрамада ең жоғары нәтижені Нұржан Әбжанов көрсетті. Ол жарысты 22-орынмен аяқтады.

Берік Орынбасар 56-орынға, Нұрмұхаммед Балтабай 61-орынға, Нариман Уәлихан 71-орынға ие болды.

Ал Александр Шешин 103-орынға, Жанарбек Жанұзақов 138-орынға және Анварбек Бауыржан 179-орынға тұрақтады.

Командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға табан тіреді.