Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 08:36 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 3 желтоқсанға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәліметке сәйкес, бүгін Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Түнде Астана, Петропавл және Қостанайда да ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар – тымық ауа, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты факторлар зиянды заттардың ауада шоғырлануына себеп болатын қысқа мерзімді құбылыстар. Мұндай кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы төмендейді.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» 3 желтоқсанда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялаған еді.