«Бүкіл қазақ қыздарын жек көріп кеттім...»: Әнші Өктем Алтаев жан сырын ақтарды

Бүгін, 06:39 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші әрі композитор Өктем Алтаев жас шағындағы жауапсыз махаббаты жайлы айтып, сырын ақтарды. Өнер иесі танымал әндерінің бірі дәл сол ғашық болған аруға арналғанын «Менің өмірім» бағдарламасында мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

Өктем Алтаевтың сөзінше, ол болашақ жарым деп сенген сүйіктісінің өзге жігіті бар екенін күтпеген жерден білген. Осы ауыр кезеңде ол жүректен шыққан «Не жаздым, жаным, саған?» әнін жарыққа шығарған.

«Бұл әнді шынымен де күйзеліске түскен кезде жаздым. Мен біреуді жақсы көрсем, бар жүрегіммен беріле сүйетін адаммын. Бір қызбен танысып, бар махаббатымды соған арнадым. Болашаққа жоспар құрдық. Сөйтсем, оның оқып жүрген жерінде жігіті бар екен. Маған оны айтпаған. Үйлену туралы сөйлесіп, арада сенім де қалыптасқан еді. Ер адам ғой, “үйленеміз, балаларымыз болады” деп болашақты елестетесің. Бірақ ол “болмайды” дегенде төбемнен су құйғандай сезіндім. Өмірге деген құлшыныс та, адамдарға деген сенім де жоғалды. Жеңгелерім қыз туралы сөз қозғап қалса, «айтпа» деп жиіркенетінмін. Бір қыздың кесірінен бүкіл қазақ қыздарын жек көріп кеткендей күй кештім. 1–2 жыл қатты күйзелісте жүрдім», – деді өнерпаз.

Композитор бүгінде жастық шағында ғашық болған арудың өз бақытын тауып, өмір сүріп жатқанын да жасырмады.

«Ол қыз бұл әннің өзіне арналғанын біледі. Құдайға шүкір, қазір бақытты. Тағдыр ғой… Әрине, сырттай байқап жүресің. Солай болды», – деді Өктем Алтаев.