Асханада тағамнан жәндік шықты: мектеп директоры қызметінен босатылды

Бүгін, 06:10 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп асханалары тексеріліп жатыр, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өңір мектептерінде асханалар тексеріліп жатыр. Межведомствалық комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар әр мектепте басшының төрағалығымен және ата-аналардың қатысуымен бракераждық комиссия құрылған.

"Мектеп басшылығының тарапынан тиісті бақылау болмағандықтан Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды. Оқушыларды тамақтандыру қызметін көрсеткен кәсіпкермен келісімшартты бұзу рәсімі басталды", - деп жазылған хабарламада.

Жақын арада мектептегі тамақтандыру қызметін көрсетуге арналған жаңа конкурс жарияланатын болады.

Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында, дейді әкімдіктегілер.